Алматы көшелерінде қандай ғимараттар пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында құрылыс кеңесінің жобалары жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Атап айтқанда, онда алты ай бұрын қайта жасауға жабылған «Алмалы» сауда үйінің жаңа келбеті көрсетілген.

Тұңғыш президент қоры жанындағы бітпей жатқан құрылыс орнында Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесі қиылысында қандай ғимарат бой көтеретіні белгілі болды.

Сонымен қатар, иллюстрацияларға сәйкес, «Целинный» кинотеатрын үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Әл-Фараби даңғылында бизнес орталығы, Алатау шағын ауданында ҚБТУ институттарының ғимараты, Орбита шағын ауданында жаңа тұрғын үй кешені бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар