Алматы көшелерімен жануарлар шеруі жүріп өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерімен жануарлар шеруі жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы қала қонақтары мен тұрғындарын 22 шілдеде өтетін «Ер Төстік» лазерлік шоуына шақырту ретінде кавалькада өткізді.

null

Түйелер керуені, үйретілген аю, пони, эквилибристер, акробаттар, «Номад» акробат ұжымы, жонглерлер, цирк балеті Абай көшесіндегі цирк ғимаратынан Республика алаңына дейін барып қайтты. Өнерпаздардың өнері көшедегілерді таң қалдырды. Жолаушылар цирк әртістерінің шеруін суретке видеоға түсіріп жатты.

null

Айта кету керек, бүгінгі кавалькадаға барлығы 70 жуық әртіс қатысты.

null

«Бүгінде елімізде елеулі оқиға ЭКСПО халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Соған байланысты Қазақ мемлекеттік циркі қазақ ертегісі желісінде Ер Төстік қойылымын, жаңа лазерлік шоуын тарту етіп жатырмыз. Барлығы бүгінгі кавалькада мен Ер Төстік ертегісін сахналауға 200 әртіс жұмылдырылып жатыр. Бұл - Қазақ мемлекеттік циркінің қазақ ертегісі желісімен қойып жатқан тұңғыш қойылымы», - деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.

null

Цирк ұжымы 26 шілдеде және 2 тамызда тағы да дәл осындай шеру өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар