Алматы қаржы полициясының бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктіге еліміздің Қылмыстық кодексінде көзделген қылмысқа итермелеу, мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға жасаған жалған кәсіпкерлік, өз өкілеттігін пайдалану арқылы қылмыстық топ құру немесе оған басшылық жасау, қылмыстық жолмен табылған қаржыны немесе мүлікті қолма қол ақшаға айналдыру, үлкен мөлшерде пара алу баптары бойынша айып тағылып отыр.

«Көлемі 1340 томды құрайтын қылмыстық іс бойынша 36 сотталушы бар. Оның 14-іне тұтқынға алу, 12-сіне қатысты кепіл түріндегі шара қолдану, 9-ына үй қамаққа алу, ал біреуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы қолданылған. Алдын ала тыңдау 2016 жылдың 24 қазаны күні сағат 10-00-де Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтеді», - делінген осы іске қатысы таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар