Алматы - Қапшағай күре жолындағы жол апатынан жеті адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы - Қапшағай күре жолының 20 шақырымында HondaCRV мен Toyota Ipsum автомобильдері соқтығысты.

 Апат салдарынан жеті адам зардап шекті,олардың екеуі балалар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.

Көргендердің айтуынша, машиналар Қапшағайдан Алматыға келе жатқан. Белгілі болғандай, Honda орта қатарда, ал Toyota жолдың шетінен оң жаққа қарай күрт бұрылмаққа әрекеттенген. Қатты соққыдан соңғысы аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам: Honda автомашинасында үш ересек адам және екі бала, ал Toyotaда  жолаушы мен жүргізуші зардап шекті.

Барлығы да ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар