Алматы қаласының 2017 жылғы бюджеті нақтыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қаланың 2017 жылғы бюджетін нақтылады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылғы бюджет 542,2 млрд теңгені құрады. 

Қаланың жалпы ішкі өнімінің 2,6 пайызға артқанын, жергілікті және республикалық бюджеттердің кірістері бойынша жоспардың артығымен орындалғанын, сондай-ақ 123 млрд теңгенің үнемделгенін есепке алғанда ағымдағы жылға бюджетті нақтылау сомасы 48,9 млрд теңгені құрады.

Қаржылар Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады.

Атап айтқанда, 95 шақырым автобус жолдарын жөндеуге 2,5 млрд теңге қосымша жұмсалады, Алғабас, Ақбұлақ, Қалқаман шағынаудандарына кіретін жаңа жолдар құрылысына 2,4 млрд теңге бағытталады.

Сондай-ақ 297 жаңа автобус, 40 эвакуатор  сатып алуға 11,5 млрд теңге жұмсалмақ.

Қаланы абаттандыру мен көріктендіруге 19,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Жібек жолы, Панфилов, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес өзгеретін болады.

472 ауланы абаттандыруға - 7,7 млрд теңге, «Думан» шағынауданындағы ескі қорымды жөндеуге - 200 млн теңге, әлеуметтік саланы дамытуға қосымша  2,6 млрд теңге жұмсалады.

«Атап айтқанда, 207,6 млн теңгеге мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, апатты жағдайдағы 8 балабақшаны жөндеу көзделген.

Айта кету керек, биыл жергілікті бюджетке салық түсімдері 6 пайызға, республикалық бюджетке 4 пайызға артық түсті.

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін 2148 компьютер сатылып алынбақ.

Ал жаңа онкологиялық орталық құрылысына 557,9 млн теңге, әлеуметік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға 1,8 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Қаладағы бұқаралық спортты дамытуға қосымша 758,5 млн. теңге қарастырылып отыр.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматыда келер жылдың соңында БҰҰ аймақтық хабы ашылады. Мұнда 19 әлемдік ұйымның өкілдіктері орын тебеді. Жаңа нысан құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға 50 млн теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар