Алматы қаласы ІІД жаңа жыл қарсаңында үйге түсетін ұрылар көбейетіндігін ескертті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл меркесі қарсаңында пәтер тонау қылмысы көбейеді. Алматы қаласы Ішкі істер департаменті ұрлықтың алдын алу үшін бірқатар кеңестер берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек ең алдымен есікке мықты құлып орнату қажеттігін айтады. Содан кейін, мерекелік шараларға кеткенде кілтті отбасы мүшелерінен бөлек жандарға қалдырмау қажет.

Сонымен қатар, Салтанат Әзірбек қала тұрғындары әлеуметтік желілерге демалысқа шет елге кетіп бара жатқанын жариялай отырып, ұрыларды өздері «шақыратынын» да ескертке кетті. Бұған қоса, полицейлер ұрылар әлеуетті «құрбандарын» әлеуметтік желілер арқылы қатаң бақылап отырады деген ұстанымды алға тартып отыр.

«Әрине, ең дұрыс дабыл дыбысын орнату. Бұл ең жақсы қауіпсіздік құралы. Тәжірибеден айтар болсақ, оның көмегі көп. Бұл орайда, әрине, тұрғындардың барлығына «орнатыңдар» деп те айта алмаймыз. Ең бастысы ұрлық еңбек демалысына кеткенде және жаңа жылдық демалыста үйді иесіз қалдырғанда болатынын ұмытпайық», - дейді С.Әзірбек.

Салтанат Әзірбек бөтеннің мүлкін ұрлағандар заң алдында ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар