Алматы қалалық мәслихатында «Нұр Отан» фракциясының жұмысы қорытындыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасы, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының 2016 жылдың 9 айындағы есебі тыңдалып, қала көлемінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелердің орындалуы қаралды. Онда «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Алматы қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Мұрат Әділханов баяндама жасады.

«Алматы Қазақстан экономикасының өркендеуіне үлкен үлес қосып отырған ірі мегаполис ретінде елдегі ішкі жалпы өнімнің 20 пайыздан астамын, салық түсімнің 32 пайызын, сауда операцияларының 41 пайызын құрап, елімізде еңбек ететін халықтың шамамен 15 пайызын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Осы орайда, Алматының үлесіне бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының барлық депозиттер көлемі мен несиелерінің 40 пайызы тиесілі. Фракция ережесіне сәйкес, жыл басынан бері 7 мәселе қаралды. Атқарушы органдар назарына 18 ұсыныс беріліп, 12-сі жүзеге асты. Қалған алты ұсыныс жыл аяғына дейін орындалады деп күтіліп отыр», - деді Жұлдыз Омарбекова.

Жиында маңызды құжат  партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жайы кеңінен сөз болды. Бұл мақсатта жүзеге асырылып жатқан мәселелерді тыңдауға фракцияның 8 отырысы арналып, Сайлауалды тұғырнама бойынша 23 ұсыныс берілген.

«Сайлауалды құжатта жүктелген тапсырамалар күрделі әрі ауқымды. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасының тапсырмаларына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастыру  фракцияның қазіргі дағдарыс кезеңіндегі негізгі міндеті болып қала береді», - деді М. Әділханов өз баяндамасында.

Өз сөзінде шаһар басшысы Бауыржан Байбек фракция әлеуметтік-экономикалық тәуекел мен дағдарысқа қарсы күресте фракция жетекші рөл атқарып, тұрақты сараптама жасап отыру қажет екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар