Алматы ІІД көлікте отырып дәрет сындырған полицей фотосына қатысты тексеріс жүргізуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы ІІД желіде пайда болған көлікте отырып дәрет сындырған полицей фотосына қатысты тексерістер жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әзірге ол Алматының полиция қызметкері деген ақпарат жоқ. Қазір тексерулер жүріп жатыр», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

ІІД суреттегі тәртіп сақшысының алматылық екені анықталса, тағы да қосымша мәлімет беретіндерін айтты.

Motor.kz порталы Nissan Primera автокөлігінде отырып дәрет сындырған полиция қызметкерінің фотосын жариялады. Көліктің алдыңғы бөлігінде екінші полиция отырған. Басылымның хабарлауынша, фотосурет Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында түсірілген.  

null null 

Соңғы жаңалықтар