«Алматы» хоккейшілерінің уланғаны туралы ақпарат теріске шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» және «Барыс» хоккей командалары арасында жоспарланған кездесу өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лишасының жаңа маусымына дайындығын жалғастыруда. Ертең астаналық команда Алматыдағы «Ақ бұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде жас спортшылар үшін шеберлік сабағын өткізеді. Ал 28 шілдеге белгіленген «Алматы» мен «Барыс» арасындағы жолдастық кездесу өткізілмейтін болды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде жолдастық кездесу алматылық команданың бірқатар ойыншысы тамақтан уланып қалуына байланысты өтпейтіндігі жөнінде хабарланған болатын. Алайда, клуб басшылары бұл ақпаратты теріске шығарды.

«28 шілдеге белінген ойын уақыт кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты өткізілмейтін болды. Уақытты сәйкестендіру мүмкін болмай жатыр. «Барыс» командасы Алматыда болмайды, олар сапарға дайындалуда. Біздің ойыншылар олардың жаттықтыру базасына бару үшін үлгермейді. Өзара ойын туралы келесім директорлар арасында жасалған болатын», - деді ҚазАқпарат тілшісіне «Алматы» ХК өкілі Евгений Галенковский.

Айта кетейік, «Барыс» ХК ресми сайтында матчтың өтпеуінің себебі ретінде «Алматы» клубының уақыт кестесімен сәйкес келмеуі атап көрсетілген. 

Соңғы жаңалықтар