«Алматы» хоккейшілері «Алтай-Торпедодан» басым түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Халық Арена» мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ел чемпионатының үшінші туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласының Ақпараттық және спорттық ХАБ-ына сілтеме жасай отырып.

Алматылық ұжым осы маусымдағы Алматыда өткен алғашқы кездесулерін өскемендік «Алтай-Торпедо» командасында қарсы өткізді. Бірінші  кездесуде қос команда қызықты ойын көрсеткенімен, Игорь Дорохин шәкірттері басымдылық танытып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Максим Рыбалко, Андрей Спиридонов, Дмитрий Лоханин және Рамазан Алдамжаров мергендігімен көзге түсті.

Ал, екінші кездесу  аясында  алматылықтар алғашқы минуттардан-ақ белсенді қимылдап, өз жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Игорь Дорохин шәкірттерінің сапынан Евграфов, Рахманов,Билалов, Огородников және Спиридоновтар көзге түссе, салған шайбаларға өскемендіктердің сапынан Шестаков пен Тілеубаев есеп айырмасын қысқарта алды. Осылайша, 5:2 есебімен «Алматы» командасы жеңіске жетті.

«Қонақтағы ойындардан кейін бүгінгі жеңіс бізге ауадай қажет болды. Жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын, тек өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Барлық командаларды жеңуге тырысамыз. Алда әлі қиын ойындар күтіп тұр, тек жақсы нәтижелерге ғана үміттенеміз», - деді «Алматы» ХК ойыншысы Ильнар Мисбахов.

Айта кетейік, Игорь Дорохин шәкірттері келесі ойындарды да  «Халық Арена» мұз айдынында 23-24 қыркүйек күні павлодарлық «Ертіске» және 28-29 қыркүйекте «Бейбарыс» клубына қарсы өткізетін болады. 

Соңғы жаңалықтар