Алматы хайуанаттар бағының сайтын бұзғандар жалған ақпарат таратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағының сайтын сырттан бұзғаны анықталды. Бұл туралы аталған бақтың баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиев хабарлап отыр.

Оның айтуынша, кеше 26 қазан күні сайтты басқару мүмкін болмай кеткен. DDOS вирусының шабуыл жасалғаны білінді, осыдан кейін сайтта дұрыс емес ақпарат жарияланды.

«Сайттың бір бөлігінде жақында өлген керік Мелман туралы, оның өліміне қатысты ақпарат пайда болды. Онда керік миына белгісіз этиология құйылып мерт болған деп жазылған. Осыған қатысты, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеймін. Керік өліміне қатысты сараптама қорытындысы бүгін белгілі болады. Осыдан кейін ғана өлім себебін айта аламыз. Қазір сайтқа кіру қалпына келтірілді. Қолдау қызметі барлық себептерін анықтап жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар