Алматы хайуанаттар бағында жануарларға жайлы жағдайлар жасалуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарына арналған темір торларды қайта жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезек жолбарыстарға да келіп жетті. Бұл тамаша жануарлардың үйін жөндеп беретін де уақыт келді. Біздің Урманның (жолбарыс - ред.) жұбы жақында келеді. Енді оларда көгал, алаңқай, хауыз, сарқырама, ойыншықтар алынады, қазіргі түрмеге ұқсаған тот басқан темір тордан құтыламыз. Зообақ түрме емес, ол - саябақ», деп жазды Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Қазіргі уақытта, ақ аю мен гималай аюына ғана емес, мүйізтұмсық пен пілдерге де қоршау мен күрке жасалды. Сондай-ақ, жағымсыз иістерден тазарту үшін арнайы жүйелі шаралар атқарылатын болады.

Дошла очередь и до амурских тигров! Начали реконструкцию дома этих прекрасных кошек, готовимся к приезду невесты нашему Урману! Скоро у них будет, газон, тропинки, бассейн, водопад, игрушки и самое главное- не будет тюремных решеток и ржавых заборов! Зоопарк не тюрьма, а ПАРК, и в первую очередь, парк для его жителей! Спасибо Тенгри банку за подарок и акимату города за поддержку! #tengribank #акиматалматы #амурскийтигр

Публикация от Yerzhan Yerkinbayev (@yerkinbayev) Авг 19 2017 в 3:08 PDT

Соңғы жаңалықтар