Алматы Халықаралық әуежайының басқарма құрамы өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасай отырып.

«Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің құрамы 2017 жылдың 17 наурызында өзгерген.

Нақтырақ айтқанда, Раушан Сағадиева 1 жыл мерзімге директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде енсе, 1 жыл мерзімге Дәурен Ердебай мен Айбол Бекмухамедов директорлар кеңесіне мүше болып отыр.

Бұған дейін, директорлар кеңесіне Әнуар Сайденов де тәуелсіз директор ретінде кірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар