Алматы халқы ең көп жол беретін құқықбұзушылықтар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы алматылықтарға ұсақ құқықбұзушылықтар үшін шамамен 5,5 миллиард теңге айыппұл салынған, оның басым бөлігі абаттандыру қағидаларын бұзумен байланысты болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының ІІД бөлімшесінің күштері 135 мың 749 хаттама толтырған, 5 миллиард 346 миллион 561 мың теңгеге әкімшілік айппұл салған, оның 4 миллиард 432 миллион 982 мың 296 теңге өндіріп алынды.

«Жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу, «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру жұмыстарын жандандыру үшін бірқатар ұйымдастырушы-тәжірибелік шаралар қабылдады. Бізге Алматының белсенді тұрғындары үлкен көмек көрсеткеніне қуаныштымыз. Ортақ күш салу арқылы заңға бағыну сапасын жақсартып, Алматы қоғамының әр мүшесі жауапкершілікті сезіне түсеріне сенімім мол», - деді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Сондай-ақ, мекеме ең танымал ұсақ құқықбұзушылықтар тізімін үсынды:

- 30038 адам ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзды;

- 5857 адам ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасады;

- 8944 адам ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша рұқсат етілмеген орындарда сауда-саттықпен айналысты;

- 4079 адам ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша иттерді асырау ережелерін бұзды;

- 5857 адам ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша тыныштықты бұзды;

- 7508 адам ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша көшелер мен қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде жүрді;

- 10717 адам ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша, қоғамдық орындарда шылым шекті;

- 3513 адам ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі сауық орындарынан табылуына немесе түнгі уақытта жалғыз жүруіне жол берді;

Соңғы жаңалықтар