Алматы ғалымдары мұнай тасымалына арналған жаңа цифрлық бағдарлама жасап шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Satbayev University мен «ҚазТрансОйл» АҚ  мамандары бірлесе отырып мұнайды магистральдық құбырлармен айдауды онлайн режимінде бақылап оңтайландырып отыратын және мониторинг жасауға мүмкіндік беретін цифрлық технология дайындап шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Satbayev University баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«SmartTran бағдарламасы онлайн режимінде ақпараттарды жылдам өңдеп мұнай тасымалын басқарып, реттеп және бақылап отыра алады. Сонымен бірге бағдарлама сорғы агрегаттары мен жылыту пештерінің және басқа да құрылғылардың жұмыс тиімділігін арттыра алады»,-дейді бағадарлама авторларының бірі Ұзақ Жапбасбаев.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей ақпарттық технологиялар тұрғысынан алып қарағанда SmartTran бағдарламасының әзірге әлемде баламасы жоқ.

«Бірегей бағдарламаны біздің ғалымдар ойлап тапты. Осы арқылы мұнай қоспаларын айдау кезінде электр қуатын үнемдеп, модельдеу және оңтайландыру жұмыстарын жүзеге асыра аламыз», - дейді профессор Бағдәулет Кенжалиев.

Айта кетерлігі SmartTran бағдарламасы қазірдің өзінде «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай қоспалары басқару жүйесіне енгізіліп, компанияның жұмыс тиімділігін арттыру үстінде.

Соңғы жаңалықтар