Алматы Еуропадағы «Саламатты қалалар» қатарына енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Орта Азия елдері ішінде ДДСҰ  Еуропадағы «Саламатты қалалар» қатарына енген бірінші қала. Қала әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев бастаған делегация Дания астанасы Копенгаген қаласында өткен «Саламатты қала» басшыларының конференциясына қатысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы - Орта Азия елдерінің ішінен ДДСҰ  Еуропадағы «Саламатты қалалар» қатарына енген тұңғыш қала. Бұл тарихи оқиға ғана емес, қаламыздағы денсаулық сақтау саласының, қоғам денсаулығын сақтау жұмыстарының жетілгендігін, алматылықтардың өмір сүру салтының дамығандығын көрсетеді. Бұл Алматы қаласының аймақтағы рөлін айқындай түседі. Оңтүстік Астанамыз өзге қалаларға адам өміріне жайлы қала ретінде үлгі бола алады», - деді қала әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев.

Оның айтуынша, Алматының экологиялық ахуалын тек қана кешенді түрде шешуге болады. Осы мақсатта қала билігі бірқатар батыл реформа жасап келеді.

«Алматыда полиорталықтық жүйеге көшу көзделген. Дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобасы бойынша адамдарға ыңғайлы қала жасалмақ. Қаланы абаттандырудың бірыңғай тұжырымдамасы жасалды. Қалада бірнеше көшеде арнайы веложолдары ашылды. Almaty Bike жобасы аясында  200 велостансада 1 730 велосипед қойылған. Сонымен қатар, қала көліктерін газға көшіру жұмыстары да қолға алынған. 2017 жылы қалада жалпы алғанда 3 мыңнан астам спорттық бұқаралық шара өткізілген», - деді М.Дәрібаев.

Соңғы жаңалықтар