23:53, 03 Ақпан 2018 | GMT +6
Алматы-Бішкек жолындағы апаттан зардап шеккендер анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек күре жолындағы апаттан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңертең Алматы-Бішкек күре жолының Қарғалы ауылына бұрылар тұсында жол-көлік апаты болған. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2 көліктен 6 адамның зардап шеккенін айтты.
«2 көліктен 6 адам зардап шекті, екеуінің миы шайқалған, 4-еуі амбулаториялық ем қабылдады», - деді ведомстводан.
Куәгерлердің айтуынша, аталған жол апатында жалпы саны 12 көлік соқтығысқан.