Алматы билігіне «Оңай» жүйесі көлеңкеден 30% қаражатты шығаруға жәрдемдесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі қоғамдық көлікте ақы төлеудің, есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің арқасында көлеңкеден 30% қаражатты шығаруға мүмкіндік туғанын айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оңай» жобасын осы жылы ақпанда іске қостық. 1,2 миллион карточка сатылды, Алматының әр тұрғынында «Оңай» карточкасы бар. Осы уақыт ішінде 115 миллион транзакция жасалып, 8 миллиард теңге жиналды, көлеңкеден 30 пайыз ақша шығардық, бұрын тіркелмеген уақытта бұл қалтаға кетіп отырған», - деп атап өтті «Алматы даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Әсет Әбдуалиев.

Спикер қалада «Smart Almaty» жүйесі бойынша жол ережесін бұзған жағдайды тіркейтін 100-ге жуық камера орнатылғанын атап өтті. «Үш жылда камера 28,6 миллиард теңге айыппұл жинады. Өткен жылы 100 миллиард теңге болған. Бұл біз үшін жақсы, жүргізушілерге жаман жаңалық. Әлі қалаға мыңдаған камера орнатамыз», - деп хабарлады ол.

Әбдуәлиевтің деректеріне сәйкес 5 пайыз автотұрақты қамтитын «Алматы Паркинг» жүйесі арқылы ақылы автотұрақ жұмысының төрт айында 200 миллион теңгеге 250 мың транзакция жасалды. Бір жыл бұрын автотұрақтан бюджетке небәрі 50 миллион теңге түскен. Спикер бұл жиналған ақша қаланың дамуына инвестицияланатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар