Алматы барахолкасына «мина қойылды»

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы барахолкасындағы «Кенжехан-2» базарына «мина қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашында базарға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түскен. Аталған орынға қаланың жедел қызмет мамандары жіберілді. Базар қоршауға алынып, ол жердегі барлық адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 17-45-те тексеру жұмыстары аяқталды. Нысанға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Жедел қызмет мамандары кері қайтарылып базар штаттық режимде жұмыс істей бастады»,-деп хабарлады жергілікті ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 273-бабы бойынша тіркеліп, полицейлер телефон террорисін іздестіріп жатыр.

Фото: novved.ru

Соңғы жаңалықтар