Алматы аулалары көркемөнер галереясына айналуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас суретшілер әкімдік өкілдерімен кездесіп, ғимарат қабырғаларын стрит-арт өнерімен әрлеуге ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың бейнесі әлемдік трендтерге сай болып, шағын музейге айналуы керек. Қаланың сұр ғимараттары әрленуі тиіс. Қала көшелерін әрлеуге рұқсат керек. Себебі көп жерде баннер ілініп тұрады. Оларды алуға арнайы рұқсат қажет», - деді стрит-арт суретші Айдар Рекон.

Суретшілер тобы Алматының бірнеше ғимаратына сурет салуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Төлеухан Исмаилов жастардың ұсынысына қолдау білдірді.

«Мен сізді қолдаймын. Ғимарат сыртындағы граффити суреттері сұрқай үйлердің көркін кіргізеді. Алайда бұл ғимараттардың иелері бар. Олардың кейбірі ПИК меншігінде. Ұсыныстарыңыз сәулетшілердің техникалық кеңесінде қаралатын болады», - деді Т.Исмаилов.

Соңғы жаңалықтар