Алматы әуежайында сынап төккен адамға қатысты сот үкімі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Түркісіб аудандық сотында әуежайда өзімен бірген сынап алып өтпек болып, бірақ, алып кете алмайтынын білгендіктен оны әдейі төккен жолаушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың сайтына сілтеме жасай отырып.

Е. есімді жолаушы ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігі, 4-тармағы (тыйым салынған заттар контрабандасы), 301-бабтың 3-бөлігі, 2-тармағы (улы заттарды заңсыз тасымалдау) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот хабарламасында, аталған заң бұзудың анықталуына өзі жәрдем көрсеткен. Оның көмегімен іске қатысты өзге де адамдар анықталған.

«Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Жасаған ісіне өкініш білдірді. Асырауында үш бала және қарт анасы бар. Осыған байланысты, сот ҚР ҚК 63-бабын пайдалана отырып, оны шартты түрде 6 жылға соттады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қазанында «Алматы-Тбилиси» бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының № 141 рейсіндегі жолаушыларды тексеру барысында бір жолаушының қол жүгінен құрамында сынабы бар құтыдағы сұйықтық байқалған. Сұйық зат тексергенде сынап болып шыққан. Шамамен 100 мл. Осыдан кейін жолаушы ешкімнен сұрамастан, оны қоқыс шелегіне тастай салған. Сынап сонда төгілген. Оқиғаға қатысты сол күні 6 рейс кешігіп ұшырылды. 

Соңғы жаңалықтар