Алматы әуежайында оннан астам рейс уақытында ұша алмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Халықаралық әуежайында 12 рейс уақытынан кешігіп ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежай баспасөз қызметінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасай отырып.

22-23 қаңтар аралығындағы бір тәулік ішінде төмендегідей рейстер бірқатар себепке байланысты уақытында әуеге көтеріле алмады.

Атап айтқанда, ұшақтың кешігіп келуіне байланысты Air Astana компаниясының Алматы-Киев, Алматы-Санкт-Петербург,  Алматы-Мәскеу, Алматы-Бангкок бағытындағы рейстері кідірсе, Алматы-Астана бағытындағы ұшақ жоспарланған резервтік ұшақтың жетіспеушілігінен және Алматы-Ташкент рейсі техникалық себеппен ұшақтың ауысқанына байланысты кешіктірілген.

Сонымен қатар, «Scat» әуекомпаниясының Алматы-Семей, Алматы-Өскемен, Алматы-Қостанай, Алматы-Ақтау, Алматы-Шымкент бағытындағы рейстері де ұшақтың кешігіп келуіне байланысты кідірсе, Алматы-Астана рейсі жоспарлы техникалық қызметке байланысты уақытында ұша алмады. 

Соңғы жаңалықтар