Алматы әуежайында іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ас ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған Қапшағай қаласының тұрғыны Алматы әуежайында қолға түсті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы қазақстандық тәртіп сақшыларынан Ресейде жасырынып жүрген. Полиция оны Санкт-Петербург қаласынан ұшып келген сәтінде ұстады.

Анықталғандай Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері күдіктіні жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық тергеу жүргізуде. Ол өзінің алдап-арбау әрекеттерін 2014-2015 жылдары жасаған. Бірақ ресми түрде әйелге 2017 жылы бір топ жәбір көргендердің арыз шағымынан кейін іздеу салынады.

Қазіргі таңда қылмыстық іске жалпы сомасы 4 млн теңге залал келтірілген Қапшағай қаласының тұрғындарынан 7 арыз тіркелген.

Жәбірленушілердің айтуынша әйел өзінің сатылымға қойған пәтеріне алдын-ала төлем алып отырған. Бірақ пәтер ұзақ уақыттан бері банкте кепілдік ретінде тұр. Сондай-ақ ол жәбірленушілерді мемлекеттік қызметте таныстары бар екенін алға тартып, ақшалай сыйақыға пәтер, жер телімдерін алып беремін деп алдап соққан. Қапшағай қалалық сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары алаяқ әйелден жәбір көргендер санының артуы мүмкін екендігін айтуда.

Соңғы жаңалықтар