Алматы әуежайында ірі көлемдегі электронды сигареттің темекісі тәркіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар электронды сигаретке арналған 200-ден астам темекі блогын заңсыз жеткізудің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» халықаралық әуежайының өткізу бекетінде шекара жасағы «Киев - Алматы» рейсімен ұшып келген екі Қазақстан азаматын электронды сигареттің ірі темекі партиясымен ұстады. Оның біреуі 124 блок, екіншісі 94 блокты өткізбек болған. Әр блокта 10 қораптан бар», - делінген хабарламада.

Факті жайында тиісті органдардың өкілдеріне хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар