Алматы әуежайы әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету тарифтерін 146,7%-ға арттыруды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету тарифтерін 146,7%-ға арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінде Алматы әуежайының қауіпсіздік тарифтерін көтеру жөнінде қоғамдық тыңдау өтті.

ААК баспасөз қызметі хабарлағандай, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ алдағы 5 жылда әуежайдағы қауіпсіздік тарифтерінің (максималды ұшу массасының) тоннасын 292,59 теңгеге көтеру туралы жобаны таныстырды.

Қазіргі таңда әуежайда бұл көрсеткіш МҰМ тоннасы 118,60 теңге болып отыр. Соңғы рет бұл шекті деңгей 2010 жылы бекітілген.

Мамандардың айтуынша, бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру, Қоғамның нақты шығындарын азайту, 2010 жылдан бергі көрсетілетін қызмет көлемінің артуы ықпал етіп отыр.

Қазіргі таңда бұл өтінім Комитетке өткізілді. 24 қыркүйекке дейін мамандар аталған ұсынысты жан-жақты қарастыратын болады.

Айта кету керек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан аэронавигация мен әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополияларды реттеу мен бақылау функциялары азаматтық авиациядағы құзырлы органға берілді.

Соңғы жаңалықтар