«Алматы-Астана-Қазан» халықаралық пойызы жолға шықты

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-2 вокзалынан халықаралық № 303/304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы салтанатты жағдайды сапарға аттанды. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресінің» өкілдері мен теміржол саласының ардагерлері қатысты.
null null 

Бұрын бұл пойыз «Алматы-Екатеринбург» бағыты бойынша қатынаса, енді «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтінішінен соң пойыз маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды.
null

null 

«Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға»,- дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың алдында «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Едіге Мыханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Марат Дәрібаев, сөз сөйлеп аталған оқиғаның маңызына ерекше тоқталды.
null 

Барлық мемлекетаралық пойыздарға жасалған жеңілдіктер осы пойызға да жарай береді. Яғни, 2018 жылдың аяғына дейін жолаушылар ертерек қам жасап алдын ала билет сатып алса, 15 пайыздан 55 пайызға дейін жеңілдіктерге қол жеткізеді.
null null null 

Соңғы жаңалықтар