Алматы әкімінің есептік кездесуіне кедергі келтірмек болған қала тұрғыны ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы әкімінің есепті кездесуі алдында Дильнара Инсенова есімді тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматы әкімінің есепті кездесуі алдында өзінің банкпен арадағы жеке дауына байланысты бірқатар адамдармен бірігіп, шараның өтуіне кедергі келтіргісі келген Дильнара Инсенова есімді тұрғын ұсталды», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы ІІД қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық танытқан ол АІІБ-ге жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар