Алматы әкімі транспорт саласында маңызды реформа жүргізілетінін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек көлік иемдену қазіргі заманда жетістіктің деңгейі емес екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңес үкіметі кезінде егер адамда көлік болмаса, өмірінің босқа өткені, егер көлігі болса, жетістікке жеткені деп есептелетін. Бұл парадигма бізде әлі бар. Дегенмен, қала тұрғындары көлік дәреже көрсеткіші емес, қозғалыс үшін қажет құрал екенін түсініп келеді. Метромен жүру тиімді әрі арзанға түседі. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, біз халықпен ақылдаса отырып, маңызды реформаны жүргізетін боламыз», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында.

Қала басшысы Алматының көше-жол жүйесінің жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатынын, яғни, бұл мегаполистен Атырауға дейінгі қашықтық екенін мысал етіп келтірді.

«Жолдың сапасына барынша мән беріп отырмыз. Жолдарды жөндеуге былтыр 7 млрд теңге бөлінді», - деді Бауыржан Байбек. 

Соңғы жаңалықтар