Алматы әкімі қазылған көшелерге байланысты сынға жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бауыржан Байбек ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Алматыда қазылған көшелерге байланысты сынға жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта батыс елдерінің стандарттарына сәйкес, тарихи орталықтың үштен бірі, атап айтқанда Панфилов, Жібек Жолы көшелері, «Астана» алаңы жаңартылған.

«Өткен аптада біз 843 түп ағаш отырғыздық. Бұл көшелер барлық халықаралық жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Келесі жылдың көктемінде тағы бір алаңды қалпына келтіреміз. Ертең қайта жаңартылғаннан кейін Байсейітова мен Төлебаев көшелері ашылады. Әрбір алматылық үшін бұл көшелердің тарихи маңызы зор. Шаһар тұрғындарының зор қолдауын ескере отырып, бұл жұмысты жалғастырамыз», - дейді Бауыржан Байбек.

Қала әкімінің айтуына қарағанда, Райымбек, Достық, Абай даңғылдарының қиылысындағы, Есенбай өзенінің жағасындағы тарихи орталықтардың 170 га аумағы жаңартылатын болады. Бүгінге дейін қала ішіндегі қозғалыстың ыңғайлылығын ескере отырып, 593 жоба іске асырылып жатыр.

«Биылғы жылы «барлық көшелерді қазып тастадыңдар» деген сынға іліктік. Біз: «үш ай шыдай тұрыңыздар, содан кейін 5-10 жыл бойы қуанатын боласыздар» деп түсіндірдік. Дәл солай болды. Жоба алғаш рет қолға алынған кезде бұл жұмысты елдің көбі қолдай қойған жоқ. Жеке БАҚ-та, әлеуметтік желіде сыни пікірлер көп болды. Бірақ, айналып келгенде бәрі де бір күні үйлесімін табады ғой. Алға жылжу үшін алдағы жолды тазартып тұру керек. Бүгінгі күні бәрі өзгерді. Жөнделген көшелер алматылықтардың сүйікті орындарына айналды», - дейді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар