Алматы әкімі Бауыржан Байбек: Тегін баспана болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесу барысында қала тұрғындарының баспана мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы бұрынғыдай тегін баспана беру болмайтынын жеткізді.

«Тегін баспана болмайды. Егер сізге пәтер керек болса, кезекке тұрыңыз, төмен жалақы алатыныңызды немесе мүгедектігіңізді дәлелдейтін құжат көрсетіңіз. Мәслен, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 жылға пайызсыз несиемен былтыр 5 мың отбасы пәтер алды, 175 жетімге пәтер берілді», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала әкімі ескі үйінің құнын бұлдап, мемлекетке қазіргі бағаммен беруге келіспей отырған үй иелерін де тілге тиек етті.

«Бір ескі үйде 12 отбасы тұрса, оның 11-і үйді босатуға келісіп тұрса, 1 адам қарсы болады. Мен ол адамдарға айтқым келеді. Бұрынғы баға болмайды. Үйдің құны түсетін болады. Осындай пікірдегі адамдардың кесірінен түгел үйдің сүрілу процесі тоқтап тұрады. Керісінше, әкімдік ескі үй тұрғындарының тезірек үй алуын қамтамасыз ету үшін қағаз жұмыстарын да барынша азайтып, ыңғайлы жағдай жасап отыр», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Алматының Түрксіб ауданында 400 отбасы каркас-қамыстан соғылған үйде тұрып жатыр.

«Ескі баспана» бағдарламасы бойынша  соңғы 5 жылда 54 үй пайдалануға берілген. 500-ден астам отбасы жаңа үйлерге көшті.

Соңғы жаңалықтар