Алматы әкімдігінде бірқатар басқарма басшылары ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласы әкімінің өкімімен білім, тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және мұрағаттар басқармаларының жаңа басшылары тағайындалды.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы болып Гүлнар Қожабергенова бекітілді. Ол өзінің педагогтық қызметін 1985 жылы Алматы қаласындағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта бастаған. Түрлі жылдары қаланың бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор, сонымен қатар Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандарында білім бөлімінің басшысы болған.

Бұрын білім басқармасының басшысы болған Рахат Шимашева енді Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік етеді. Өз кезегінде аталған басқармаға басшылық еткен Мамай Ахетов қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұлардан өзге, мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы да ауысты. Бүгінгі күнге дейін Ханзада Есенова қалалық мәслихаттың депутаты болды, ұзақ жылдар бойы А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры қызметін атқарған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, басшысы болып Мейіржан Отыншиев тағайындалды. Ол түрлі жылдары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып істеген, соңғы 3 жылда осы басқарма басшысының орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар