Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі жүргізушілерге көктайғақта абай болу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ақпанның 14-15-не қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға айналады. Таңға жуық ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы әкімдігі автокөлік жүргізушілеріне жеке көліктерін пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді.

«Адамдар жаяу жүргіншілер жолымен жүру кезінде сақ болуды, көп қабатты үйлердің шатырынан қар, мұз құлауы мүмкін болғандықтан, жаяу жүргіншілерді биік үйлерге жақын жүрмеулерін сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, автокөліктердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында күндізгі уақытта және 15 - 16 ақпанға қараған түні жолдар қардан тазаланады.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі жүргізушілерден түнде көліктерін жол жиектеріне қоймауды сұрады.

Соңғы жаңалықтар