Алматы әкімдігі «Жер уақыты» акциясы кезінде жарықты сөндірмеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы әкімдігінің «Жер уақыты» атты жаһандық акция кезінде жарықты сөндірмегендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұл Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының қолдауымен өткізілетін жаһандағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам - 175 мемлекеттен 7 мың қаланың тұрғыны қатысады. Шараның мақсаты - Жердің түкпір-түкпіріндегі адамдар белгілі бір уақыт аралығында жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, Алматы әкімдігі бұл акцияға қатыспаған.

«Жарық жарқырап жанып тұр. Көктөбеде де жарық өшкен жоқ»,-деді арнайы таратылым барысында фейсбук қолданушысы Абай Ерекенов.

Ол сөзінде акцияның жап-жақсы жарнамасы жасалғандығын айтады. «Алайда ол іске асырылмады, бәлкім қаржы жетіспеген шығар»,-деп қалжыңдады Алматы тұрғыны.

Ал, Астанада акцияға салмақты көзқарас танытылып, қаланың 100 нысанында жарық сөндірілді. Олар: Ақорда, «Астана Опера» Ұлттық опера және балет театры, «Астана Бәйтерек монументі», «Мәңгілік ел» триумфальды аркасы, Тәуелсіздік сарайы, «Хазрет Сұлтан» мешіті мен «Астана Арена» стадионы және басқалар.

Соңғы жаңалықтар