Алматы әкімдігі түскен қарды тәулік бойы тазаламақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аудандық әкімдіктері қар тазалау бойынша жұмыстарды тәулік бойы атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін түскен қардан кейін жергілікті коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы құм мен тұз қоспаларын сеуіп шыққан. Сонымен қатар тротуарлар мен жолдар қардан тазартылған.

«Қар тазалау жұмыстарына 369 техника, 839 жұмысшы жұмылдырылды. Қарашаның 19-ынан 20-сына қараған түні 313 арнайы техника, 800 жұмысшы жұмылдырылады. Бүгін Алматы жолдарына 250 тонна көктайғаққа қарсы материал төселді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бүгін Алматыда таңға жуық жаңбырдың арты қарға ұласты. Таңғы 10:00-де таулы аудандарда 3-4 см қар түсті.

Соңғы жаңалықтар