Алматы әкімдігі тұрғындардан қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуді сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала әкімдігі қар тазалау жұмыстарына байланысты жүргізушілерден жол жиектеріне көлік қалдырмауды сұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет болжамы бойынша 23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Түнгі және таңғы уақыттарда жолдарда қар тазалау техникасы жұмыс жүргізеді. Осыған байланысты жол қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін. Қала тұрғындарынан коммуналды қызмет жұмысына түсіністікпен қарап, жол жиектерінде жеке көліктерін қалдырмауды сұраймыз», делінген әкімдіктің хабарлмасында.

Соңғы жаңалықтар