Алматы әкімдігі Көкжайлаудың жаңа жобасын қоғамдық талқылаудан өткізбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық кеңес отырысында қаланың туристік дамуы талқыланып, Көкжайлау жобасы туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай қазіргі таңда жобаның жаңа техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатқанын айтты.

Жаңа құжатты қабылдау кезінде табиғи климаттық өзгешеліктер ескеріледі.

«Осының алдында Көкжайлау жобасы болған еді. Оны тоқтатып қойдық. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемеге өзгеріс енгізіліп, былайша айтқанда жаңа негіздеме жасалып жатыр. Яғни, біз алдында жоспарланғандай, 200 мың шаршы метрлік құрылыс нысанын салмайтын болдық. Үлкен тас жолдары да болмайды, ол үшін көп жасыл-желекті кесуге тура келетін еді. Жаңа құжаттағы жол жобасы үшін 8 мың талды кесу көзделген. Қазіргі жобада бұл мәселелердің бәрі ескерілген. Біз жыл бойы турист қабылдай алатын кешен жасауға бет бұрып отырмыз. Бұл VIP-курорт емес жалпы қалалықтарға қолжетімді кешен болады. Мұндай кешеннің құрылысы қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізбек. Жоба жұмысы біткен соң халықаралық сарапшылардың бағалауына ұсынамыз», - деді ол.

Кеңеске қатысушылар алматылықтардың арасында бұл мәселе даулы болып отырған, сондықтан, Көкжайлау құрылысын қоғамдық талқылаудан міндетті түрде өткізу керек екендігі айтылды.

 «Мен - алматылықпын. Тауларды жақсы көремін. Ескі негіздемеде қоғамды құлақтандыру мәселесінде нақты регламентация болған жоқ.  Қазір жағдай өзгерді. Орхус конвенциясымен үндесетін экологиялық кодекс жұмыс жасап тұр. Жаңа негіздеме шыққан соң әр кезеңді талқылауға шығаратынымызды сеніммен айта аламын», - деді Ерлан Жайлаубай.

Оның айтуынша, осы мақсатта 200 млн теңге бөлінген. Ал жаңа жобаны жүзеге асыруға инвестор іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар