Алма-Арасан шатқалына кіру ақылы болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 мамырдан бастап Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында автобус жолаушыларынан Алма- Арасан шатқалына кіру үшін ақы алынатын болады. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ұлттық саябақтың экологиялық ағарту және туризм бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлттық паркта мәлім етілгендей, ақы №28 автобусы арқылы экобекетті тегін өтетін демалушылардан алынады. Енді автобус жолаушылары машинамен немесе жаяу келген қонақтармен тең дәрежеде 426,9 теңге төлейтін болады.

«Бұл сома екі бөліктен тұрады - 226 теңге (0,1 АЕК) ерекше қорғауға алынған табиғи аумақты пайдаланғаны үшін (ҚР  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  кодексінің 508-511-баптары) төленсе, 200 теңге - Ұлттық парктың қызметі үшін алынады. Оның ішіне туристік троп, тамашалау алаңдары,  қоқыс тазалау, әжетхана және т.б. (ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің №328 бұйрығы). Қаржы төленгеннен кейін фискальды чек беріледі», - деп хабарлады Ұлттық паркте.

Бұл соманы толық төлеуден саябақтың аумағында саяжайлары бар немесе сонда тұратын жеке тұлғалар босатылған.

«Ұлттық паркте бірнеше санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған.  Студенттерге (студенттік билеті бойынша) 25%, зейнеткерлер (зейнеткерлік куәлігі бойынша) үшін 50 % жеңілдік бар. Мектеп оқушылары мен мүгедектер тек кіргені үшін - 226.9 теңге төлейді», - деп хабарлады Ұлттық паркте. 

Соңғы жаңалықтар