Аллан Фокс: Мейвезер Головкинді қызғанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезердің қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін рингке қайтып келуі туралы пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Мейвезер ылғи да Головкин туралы айтып жүреді. Алайда 39 жастағы боксшы өзіне қауіпті жекпе-жек үшін рингке қайтып келді деу қисынсыз. Ол өзінің жылдар бойғы жеңісті жолдары мен рекордтарын бұза қоймас. Мейвезер үнемі Головкинге салмағын жоғарылату туралы айтып жүретін. Флойд Головкин туралы оны қызғанғандықтан айтып жүреді, себебі Головкиннің жанкүйерлері өте көп. Журналистердің де Головкинге көзқарасы оң, барлығы оны жақсы көреді, ал Флойдты жақсы көрмейді», - деді Фокс.

Соңғы жаңалықтар