Әлімжан Бескемпір Ву Юфэннен басым түсті - Astana Arlans-China Dragons

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда өтіп жатқан бокс кешінде арландық Әлімжан Бескемпір қытайлық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Astana Arlans командасы мен қытайдың China Dragons арасындағы екінші кездесуде 60 келіде Әлімжан Бескемпір мен Ву Юфэн шаршы алаңға шыққан болатын. Алғашқы раундтан-ақ басымдық таныта білген Әлімжан командасына жеңіс сыйлады. Қапталдағы үш төреші де арландықтың қытайлық былғары қолғап шеберінен басым түскенін мойындады.

Алда   69 келіде Асланбек Шымбергенов  Таксымаймайти Хайшаермен, 81 келіде Бек Нұрмағамбет  Гегарибу Цзэнмен, +91 келіде Нұрсұлтан Аманжолов латвиялық Эвандер Сервутпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов  Гуо Чжаннан басым түсіп, арландықтарды алға шығарған болатын.

Таразда өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы Astana Arlans пен қытайлық China Dragons арасындағы бұл кездесу «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар