Алимент төлемеген атыраулық жүргізуші құқығынан айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қалалық сотында алимент төлемей жүрген азаматты жүргізуші құқығынан уақытша айыру туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа тапсырылған материалдарда 2017 жылы ер адам бұрынғы әйеліне баласын асырау үшін алимент төлеуге міндеттелгені жазылған. Бірақ әке ретінде ол сот актісінің талабын орындамай, борыштың сомасы жинала келе 1 миллион 320 мың теңгеге жеткен. Қарызын өтеу үшін ер адам ештеңе істемеген. Соған байланысты сот жеке сот орындаушысының арызын қанағаттандырып, борышкерді қарызын өтегенге дейін жүргізуші құқығынан айыруға шешім шығарды», - делінген хабарламада.

Соттың шешімі заңды күшіне енді, орындау үшін Атырау облыстық ІІД-ге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар