Алик Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты іске түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитетінің төрағасының міндетін атқарушы  Лариса Пакқа, СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Максим Касаткинге және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі кезде Касаткин қамауда отыр. Ал денсаулық жағдайын ескере отырып, Пакқа үйқамаққа алу шарасы қабылданды. Іс бойынша қажетті сараптамалар, куәгерлерден жауап алу мен басқа да тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда істі жан-жақты әрі объективті зерттеу бағытында барлық қажетті жұмыстар іске асырылып жатыр», - деді Алик Шпекбаев Астанада өткен интернет-конференция барысында қойылған сауалға жауап бере отырып. 

Оның сөзіне қарағанда, тергеу амалдарының мүддесіне орай аталған іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Еске салайық, Лариса Пак және оның жанындағы тұлғаларға заңсыз сертификат таратты, 10 - 12 мың доллар аралығында пара алды деген күдікпен  қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Бұған дейін хабарланғандай, Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қыркүйегінде ұсталған болатын. Құқық қорғау органдары оның 2015 жылы жүргізген дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын құралдарды сатып алу жұмыстарына қатысты заңсыз іс-әрекеттерін тексеруде. 

Соңғы жаңалықтар