Алик Шпекбаев мемқызметшілерге сыйға берілген ақшамен не істеу керектігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтарды арнайы қорға өткізудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Интернет-конференция барысында : «Мемлекеттік қызметшіні ескертпестен оның ұялы телефонына белгісіз біреудің атынан төлем түссе, онда бұл ақшаны арнайы қорға өткізудің тәртібі қандай?», - деген сауал қойылды.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мемқызметшілерге сыйлықтарды, материалдық әрі материалдық емес сыйақыларды алуға тыйым салатынын еске салып өтті.

Бұл талап орындалмаған жағдайда, сыйлықтың құнына қарай қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік ескерілген. Қылмыстық - 2 АЕК-тен жоғары; әкімшілік - 2 АЕК-ке дейін.

«Ешбір ескертусіз мемлекеттік қызметшінің шотына түскен ақша, сондай-ақ тиісті функцияларды орындағаны үшін берілген қаржы анықталғаннан кейін, екі аптадан аспайтын мерзімде республикалық бюджетке аударылуы тиіс. Осы орайда аталған қаржының түсуі жағдайы туралы мемлекеттік кірістердің тиісті органына түсініктеме ұсынылуы керек», - деді А. Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар