Алибеков Хамитовпен қарымта кездесу өткізуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов төрешілердің шешімімен Fight Nights дәрежесі бойынша әлем чемпионы, ресейлік Магомедсайгид Алибековке жеңілген болатын, деп жазады Sports.kz.

Алайда жекпе-жек аяқталысымен Хамитов өзінің қарсыласына Алматыда қарымта кездесу өткізу туралы өтініш жасады.

«Қуат, мен қарымта кездесу өткізуге дайынмын. Алайда бұл тек маған ғана байланысты емес. Ұйымдастырушылар бар, олар қандай шешім қабылдайды, бәрі соған байланысты»,-деді Алибеков.

  

Осыған дейін хабарланғанындай, Владивостокта Fight Nights Global 63 ережесіз жекпе-жек кеші өтті. Оның басты оқиғасы қазақстандық Қуат Хамитов пен (17-4-1) ресейлік Магомедсайгид Алибековтың (7-0) кездесуі болатын.

Жекпе-жек «5 минуттан 5 раунд» форматы бойынша өтті.

Соңғы жаңалықтар