Али Ахметов келесі жекпе-жегін Лондонда өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов келесі кездесуін Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы боксшының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Онда "Ахметов  11 наурыз күні өзінің кәсіпқой мансабындағы алтыншы кездесуін Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткізеді. Толығырақ айта кетсек, кездесу 8 раундтық жартылай ауыр салмақта (79,3 келі - 175 фунт) өтеді. Қарсыласы əзірше белгісіз. Али жатығуларын пысықтап, талмай еңбек өтуде", - деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, боксшы соңғы бесінші кездесуін Польшада өткізіп, беларусьтық Владимир Харкевичті ұпай санымен жеңген болатын. Ал оның алдында төртінші жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген еді. Ол әзербайжандық Али Маммедовты бірінші раундта-ақ жеңді. 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізіп үлгерді. Оның барлығында қарсыласынан басым түсті.


Фото: Vesti.kz 

Соңғы жаңалықтар