Әли Ахмедов жастар арасында WBC титулын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Остин қаласында Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы 8-ші кездесуін өткізді, деп жазады prosports.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Кертис Хилл болған. Қос боксшы да бұрын соңлы жеңіліп көрмеген.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің төртінші кезеңінде Әли қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, отандасымыз жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алды.

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Ал бұған дейін өзі өткізген он кездесудің бәрін жеңген Кертис Хиллдің еншісінде ен бір жеңіліс бар.

Соңғы жаңалықтар