Әли Ахмедов WBC белбеуі үшін шаршы алаңға шығатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов 19 тамызда WBC белбеуі үшін кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің vk.com желісінде хабарлады.

Отандасымыздың қарсыласы америкалық боксшы кіші Кертис Хилл (10-0, 5 КО).

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Әли Ахмедов осыған дейін жеті кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол бұл жекпе-жектен кейін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтетін бокс кешінде де өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар