Алғыс күні бір топ ақмолалық «Бірлік» қоғамдық медалімен марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 наурыз Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Менің отбасым - елімнің бір бөлшегі» альманахының тұсаукесеріне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайту, жалпыұлттық идеяның құжаттық түрі болып табылатын «Мәңгілік ел» патриоттық актісін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының, этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері және «Менің отбасым - елімнің бір бөлшегі» жобасына қатысушылар, үлгілі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасылар қатысты.
null  

«Алғыс айту күні - тарихта орын алған зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін оқиғаларының нәтижесінде Қазақстанға қоныс аударылған түрлі ұлттың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақ халқына деген шексіз ризашылық, біздің елдің барлық азаматтарының бір-біріне деген сыйластығы, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау күні», деді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов құттықтау сөзінде.
null  

Шара барысында ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Бұланды корпоративтік қорының президенті,жетімдер үйінен 39 баланы бауырына басып, өз қамқорлығына алған Серік Әкімбаев, Ақмола облысының орыс қауымдастығының жанындағы «Русская песня» халықтық ансамбілінің жетекшісі Зоя Авилова және Жарқайың ауданындағы «Арарат» армян мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшесі Гачик Григорян марапатталды.
null  

Сондай-ақ, республикалық бейбітшілік пен келісім фестиваліне белсенді қатысып, жоғары кәсіби шеберлік танытқан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Самоцветы» би ансамблінің жетекшісі Андрей Погорелый мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанындағы «Этно» би ұжымының жетекшісі Ирина Лобанова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
null  

«Менің отбасым - елімнің бір бөлшегі» атты альманахпен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова таныстырып, жинаққа енген 25 үлгілі, берекелі отбасыларға тоқталды, жобаға қатысқан журналистерге, туындының кейіпкерлеріне алғысын білдірді.
null null null  

Соңғы жаңалықтар