Алғыс айту күні аясында республикалық акциялар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыздың 1-і - Алғыс айту күні аясында Қазақстанның бірқатар аймақтарында республикалық акциялар ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, Қостанай облысында жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Ризашылық» республикалық акциясы өтеді. Ал Шығыс Қазақстан облысында «Балаға көмектес!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Акция барысында салтанатты концерт болады. Көмекке зәру балаларға қаржы жиналады», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте. Оның айтуынша, шара ұйымдастырушылары - Қазақстан xалқы ассамблеясының өңірлік бөлімшелері.

Айта кетейік, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Өткен жылы қазақстандықтар аталған мейрамды алғаш рет атап өтті.

Соңғы жаңалықтар