Алғашқы ядролық соғыс қай елдердің арасында тұтануы мүмкін

None
None
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Алғашқы ядролық соғыс су ресурстары үшін Үндістан мен Пәкістанның арасында туындауы мүмкін. БҰҰ Сур ресурстары, қоршаған орта мен денсаулықты қорғау институтының ғалымдары осындай пікірда алға тартады, деп хабарлайды Росбалт.

Олардың пікірлерінше, Инд өзенінің бассейні «кез келген уақытта жарылуы мүмкін бомбаға» айналды. Бүгінгі таңда аталмыш су өзегі климаттық және демографиялқ пролемаларға байланысты айтарлықтай тартылып барады. Осы ретте аймақта суға деген зәрулік уақыт өткен сайын өрши түсуде.

Үндістан Инд өзенін шаруашылық мақсатқа пайдаланбау жөніндегі комиссия құрамынан шыққан соң жағдай одан сайын күрделене түсті. Бұл құрылым 1960 жылдан бері жұмыс істеп келген. Пәкістан бұл әрекетті өзіне қарсы соғыс ашу туралы мәлімдеме жасалғандай қабылдады.

Сарапшылардың пікірлерінше, Дели мен Исламабад арасында өмірлік мәні зор мәселелер бойынша өзара ынтымақтастықтың болмауы өңірдегі әскери қақтығыстардың орын алуына ықпал етуі ықтимал.

«Ал, Пәкістан, Үндістан, Қытай сияқты үш ядролық алыптың арасындағы қарама-қайшылықтардың ұзаққа созылуы ядролық қақтығыстарға алып келуі мүмкін,- дейді ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар