11:04, 27 Қыркүйек 2016 | GMT +6
Алғашқы пікірталаста Клинтон жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Республикалық партия үміткері Дональд Трамппен өткізген телеарнадағы алғашқы пікірталаста жеңіске жетті.
Бұл туралы CNN телекомпаниясы Хофстра Университетіндегі (Нью-Йорк штаты) дебаттан кейін ұйымдастырылған сауалнама қорытындысына сілтеме жасап хабарлады. Бұл қорытындыға сәйкес, сауалға қатысқандардың 62% -Клинтон, ал 27% Трамп жеңіске жетті деп санайды.
Сауалнама нәтижесімен таныстырған CNN бағдарламасының жүргізушісі, «сауалнама жүргізілген аудиторияның 41% Демократиялық партия, ал 26% Республикалық партияның жақтастары болды",-деп атап өтті.
Фото: © AFP 2016/ Brendan Smialowski